Байланыс формасы

2017 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/71 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 4204 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 40/415 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 28.09.2017 № 40/415 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

      1) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін 1 қосымшаға сәйкес;

      2) бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 2 қосымшаға сәйкес;

      3) ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін 3 қосымшаға сәйкес.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Камзин

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 11/71 қаулысына № 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

№ р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Приозерск қаласының "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

77

2

2

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 11/71 қаулысына № 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

№ р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарүшін жұмыс орындарының саны

1.

"Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

237

2

5

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 11/71 қаулысына № 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

№ р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Приозерск қаласының "Балақай" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

54

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады