2017 жылы өткiзiлетiн бiрыңғай мемлекеттiк сатып алулардың кейбiр мәселелерi туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 6944 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 ақпанда № 5734 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Тапсырыс берушiлер үшiн мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы болып "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi айқындалсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар айқындалсын.

      3. "Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкiмдігiнiң
2017 жылғы 27 қаңтардағы
№ 6944 қаулысына қосымша

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi мемлекеттік сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар

Атауы

Сомасы, мың теңге

1.

Қызылорда қаласында М.Исаев көшесінің бойымен Астана даңғылынан Сәулет көшесіне дейін қуаты 0,4 киловатт электр беру желілерінің құрылысы.

12 857,8

2.

Қызылорда қаласында жеке тұрғын үй құрылысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру. Қызылорда қаласы Жезқазған тас жолының бойындағы 980 гектар жерге инженерлік желілердің құрылысы. Сыртқы кәріз су желілері.

1 519 516,2

3.

Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесін Қазбек би көшесінен Жезқазған трассасына дейінгі жолды күрделі жөндеу жұмыстары.

1 273 540


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады