"Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі №3438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 8361 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 5910 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 15619 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 25.06.2020 № 15619 қаулысымен (01.09.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі № 3438 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10-1-210 тіркелген, "Кызылорда Таймс" газетінде 2013 жылғы 4 мамырдағы № 18 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифі барлық маршруттар үшін бірыңғай белгіленсін:

      1) автобус және шағын автобустарда 90 теңге көлемінде;

      2) 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 40 теңге көлемінде.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
      "КЕЛIСIЛДI"
      Қызылорда қалалық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы
      Ш.Ә.Әбдірахманов
      __________________
      "13" шілде 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады