Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 122-18/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 6067 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 116-17/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 29.03.2022 № 116-17/7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезектен тыс ХVІІІ сессиясы
төрағасының міндетін атқарушы,
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы
Р. БОХАНОВА

  Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 122-18/4 шешімімен бекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды (бұдан әрi - қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

      3. Иесiз қалдықтарды басқаруды Қызылорда қалалық әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында әкімдік мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi белгіленеді.

      5. Иесiз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрi пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешiмiмен коммуналдық меншікке түскен болып танылған қалдықтар басқару тәртiбi

      6. "Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген енгіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды әкімдік Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес қалалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілген қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік салып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады