Көшелерге атау беру туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 108 шешімі. Қызылорда облысының әділет Департаментінде 2017 жылғы 15 тамызда № 5934 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, Ж.Маханбетов ауылындағы № 8 көшеге Нұрсейіт Төребаевтің есімі берілсін.

      2. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округі, "Наурыз" саяжай кешеніндегі № 7 көшеге Мұқан Тұрғанбаевтың есімі берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Садирбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
М. Ақмырзаев

О присвоении наименований улиц

Решение акима сельского округа Аксуат города Кызылорда Кызылординской области № 108 от 18 июля 2017 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 15 августа 2017 года № 5934

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и заключением областной ономастической комиссии от 26 апреля 2017 года № 1 акима сельского округа Аксуат РЕШИЛ:

      1. Присвоить имя Нурсеит Торебаева улице №8 в селе Ж.Маханбетова, сельского округа Аксуат, города Кызылорды.

      2. Присвоить имя Мукана Турганбаева улице №7 в дачном комплексе "Наурыз", сельского округа Аксуат, города Кызылорды.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на главного специалиста государственного учреждения "Аппарата акима сельского округа Аксуат" Садирбаева Н.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима
сельского округа Аксуат
М. Акмырзаев