"Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық маслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №62 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 84 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 мамырда № 5832 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5708 болып тіркелген және 2017 жылғы 14 ақпандағы Арал аудандық "Толқын" газетінің № 12 санында жарияланған) № 62 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық Арал аудандық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихатының хатшысы
      он төртінші сессиясының төрағасы
      С. Жанназарова Д. Мадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады