Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 192 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қазанда № 5995 болып тіркелді.

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазалы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ Н.ШАМҰРАТОВ
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қызылорда
облысының ішкі істер департаменті
Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
________________Ж.А. Жакупов
28 қыркүйек 2017 жыл

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "28" қыркүйектегі № 192 қаулысына қосымша

Қазалы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 23.05.2019 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қазалы ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Қазалы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Полиция бөлімі) енгiзедi.

      4. Комиссияның құрамына аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкiлдерi енгiзiледi.

      5. Комиссия қабылдаған шешiм – көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.

      6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      7. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеудi көтермелеуге ұсыныс енгiзген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады