Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 497 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 шілдеде № 5897 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 678 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 19.03.2018 № 678 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі № 321 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5601 тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінде 2016 жылғы 27 қыркүйегінде № 76, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 қыркүйегінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б. Накиповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы "15" маусымдағы
  № 497 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Достық жер МК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

2

2

2

"Жосалы кенті әкімінің аппараты" мемелекеттік мекемесі

64

2

1

3

"Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі" мемлекетт мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

23

2

1

4

"Көмекбаев ауылдық округі әкімінің ппараты" мемлекеттік мекемесінің "Көмекбаев клуб үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

9

2

1

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы "15" маусымдағы
  № 497 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Акжар Агро Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

2

1

2

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қармақшы аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

2

2

3

"Көмекбаев ауылдық округі әкімінің ппараты" мемлекеттік мекемесінің "Көмекбаев клуб үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

9

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады