Байланыс формасы

2017 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 5 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қаңтарда № 5704 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 02.06.2017 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыз мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайыз мөлшерінде.

      2. 2017 жылға жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде:

      1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;

      3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады