Жеңілдік беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 мамырдағы № 11-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 маусымда № 5858 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44-бабына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін “Отан”, “Даңқ” ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі - “Халық Қаһарманы” атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы төлемдер түрінде ақшалай мәнде жеңілдік берілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
      мәслихатының 11–сессиясының мәслихатының
      төрағасы хатшысы
      А. МАХАТОВА М. ЕСПАНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады