2018 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 263 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 6103 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №263 қаулысына қосымша

2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік
саны (адам)

Квотаның көлемі (%)
жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

“Байтабын” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

102

1

1

2

“АгроХолдинг Байқоңыр” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

105

1

1


БАРЛЫҒЫ:

207


2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады