2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 262 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 6104 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №262 қаулысына қосымша

2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 27.08.2018 № 184 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

2

3

4

5

1

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

997

4

40

2

Қызылорда облысының білім басқармасының “Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

93

2

2

3

Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№31 мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120

3

4

4

Жалағаш аудандық білім бөлімінің “Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

3

4

5

Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№124 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

109

3

3

6

Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№201 мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

169

3

5

7

“Жалағаш аудандық білім бөлімінің Зейнолла Жарқынбаев атындағы №202 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

193

3

6

8

“Атамекен” шаруа қожалығы

80

2

2


БАРЛЫҒЫ:

1879


66


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады