"Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы №383 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 101 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 сәуірде № 5795 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 174 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 174 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5430 болып тіркелген, 2016 жылғы 06 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің №26 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Аталған шешім мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың кезектен Аудандық мәслихаттың
      тыс 11 сессиясының төрағасы: хатшысы:
      Д.Ералиев _________________ Е.Әжікенов__________________
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер
      комитетi Қызылорда облысы бойынша
      Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң
      Сырдария ауданы бойынша
      мемлекеттiк кiрiстер басқармасы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесiнің басшысы
      ________________ М.Абдықалықов
      17 наурыз 2017 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады