Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 45 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 15 мамырда № 5836 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 47 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 05.06.2017 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына және Шиелі ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 4 хаттамасына сәйкес Шиелі ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Шиелі кенті, Ақмая, Жөлек, Ортақшыл, Бәйгеқұм, Гигант, Иіркөл, Қарғалы, Жаңатұрмыс, Төңкеріс, Қоғалы, Тартоғай, Майлытоғай, Сұлутөбе ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 28 сәуірінен бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима Шиелийского района Кызылординской области от 15 мая 2017 года № 45. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 15 мая 2017 года № 5836. Утратило силу решением акима Шиелийского района Кызылординской области от 5 июня 2017 года № 47

      Сноска. Утратило силу решением акима Шиелийского района Кызылординской области от 05.06.2017 № 47 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответсвии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 " Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", и протокола заседания комиссии Шиелийского района по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций от 28 апреля 2017 года № 4, аким Шиелийского района РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба на территории поселка Шиели, сельских округов Акмая, Жолек, Ортакшыл, Байгакум, Гигант, Иркуль, Каргалы, Жанатурмыс, Тункерис, Когалы, Тартогай, Майлытогай, Сулутобе Шиелийского района Кызылординской области.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Шиелийского района Жагыпбарова Т. и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 28 апреля 2017 года.

      Аким района К. Сарсенбаев