Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 1190 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 қазанда № 5976 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 27.02.2018 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 1058 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5762 болып тіркелген, 2017 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Т. Жағыпбаров

  Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қыркүйектегі № 1190 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның
атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Шиелі ауданының білім бөлімінің А.С.Пушкин атындағы №46 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

172
 

 
3%

5

2

"Шиелі ауданының білім бөлімінің №45мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

170
 

 
3%

5

3

"Шиелі ауданының білім бөлімінің М.В.Ломоносов атындағы №47 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

194
 

 
3%

6

4

"Шиелі ауданының білім бөлімінің Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

141
 

 
2%

3

5

"Шиелі аудандық білім бөлімінің №127 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

159
 

 
3%

4

6

"Шиелі ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

233
 

 
3%

7

7

"Шиелі ауданының білім бөлімінің Ы.Жахаев атындағы №244 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

99
 

 
2%

2

8

"Шиелі ауданының білім бөлімінің № 270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

2%

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады