Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 306 "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 285 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 желтоқсанда № 3486 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.02.2020 № 29 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 23 маусымдағы № 270 "Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаcындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14028 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 306 "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы"қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2869 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

      "7-1.Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің)дұрыс еместігі белгіленуі;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

      "7-1.Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленуі;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10676 болып тіркелген) бекітілген Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.";

      4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде учаскелерді құрылыс обьектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілген қызмет регламентінде:

      4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

      "7-1.Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленуі;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/41 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10489 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы."

      4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетен қызмет регламентінде:

      4 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілген қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау".

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Э. Әділбаев)осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуынқамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      табиғи ресурстар және табиғат

      пайдалануды реттеу басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушысы

      Е.Э. Әділбаев

      "30" қараша 2017 жыл

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 13 октября 2015 года № 306 " Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий и животного мира"

Постановление акимата Мангистауской области от 30 ноября 2017 года № 285. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 15 декабря 2017 года № 3486. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 28 февраля 2020 года № 29

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 28.02.2020 № 29 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" и приказом исполняющий обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 июня 2016 года № 270 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 6 мая 2015 года № 18-1/415 "Об утверждении стандартов государственных услуг в области лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14028) акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мангистауской области от 13 октября 2015 года № 306 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий и животного мира" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2869, опубликовано от 27ноября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      регламент государственной услуги "Выдача разрешения на осуществление любительского (спортивного) рыболовства, мелиоративного лова, научно–исследовательского лова, лова в воспроизводственных целях на водных объектах, расположенных на особо охраняемых природных территориях со статусом юридического лица, на основании биологического обоснования при наличии положительного заключения государственной экологической экспертизы",утвержденный указанным постановлением:

      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:

      "7-1.Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения государственной услуги;

      3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучательлишен специального права, связанного с получением государственной услуги.";

      регламент государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета", утвержденный указанным постановлением:

      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:

      "7-1.Услугодательотказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным Правилами учета, хранения, заполнения и выдачи лесорубочного билета и лесного билета, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 18-02/40 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10676);

      3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения государственной услуги;

      4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучательлишен специального права, связанного с получением государственной услуги.";

      заголовок раздела 4 изложить в новой редакции:

      "4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги";

      в регламенте государственной услуги "Выдача лесорубочного и лесного билета", утвержденный указанным постановлением:

      заголовок раздела 4 изложить в новой редакции:

      "4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги";

      в регламенте государственной услуги "Выдача разрешения на использование участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей; нужд охотничьего хозяйства; побочного лесного пользования", утвержденный указанным постановлением;

      заголовок раздела 4 изложить в новой редакции:

      "4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги";

      регламент государственной услуги "Государственная регистрация договора долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда", утвержденный указанным постановлением:

      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:

      "7-1.Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по следующим основаниям:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным Правилами государственной регистрации договора долгосрочного лесопользования на участках государственного лесного фонда, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 18-02/41 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10489);

      3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения государственной услуги;

      4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучательлишен специального права, связанного с получением государственной услуги."

      заголовок раздела 4 изложить в новой редакции:

      "4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги";

      в регламенте государственной услуги "Выдача разрешения на пользование животным миром", утвержденный указанным постановлением:

      заголовок раздела 4 изложить в новой редакции:

      "4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги".

      2. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области" (Адильбаев Е.Э.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование настоящего постановления в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и всредствах массовой информации, размещение на интернет-ресурсеакиматаМангистауской области.

      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима области СакееваР.К.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области Е. Тугжанов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Исполняющий обязанности

      руководителя государственного учреждения

      "Управление природных ресурсов и

      регулирования природопользования

      Мангистауской области"

      Адильбаев Е.Э.

      "30" ноября 2017 год