"Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 555 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 3330 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 645 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 02.04.2018 № 645 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14637 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е. Туретаев) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы Е. Туретаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Трұмов

  Ақтау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "18" наурыздағы
№ 555 қаулысымен бекітілген

"Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 бабының 5 тармағына сәйкес әзірленді және "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусы қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау егер, бағалау кезеңінде нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      Тікелей басшы "Б" корпусының қызметкерлерінің өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

      Өмірзақ ауылы әкімін және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың басшыларын бағалауды қала әкімі не уәкілдік берілген оның орынбасарларының бірі жүргізеді.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Ақтау қаласы әкімінің аппараты), "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдар басшыларының қызметін бағалауды өткізу үшін жұмыс органы Ақтау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі болып табылатын бағалау жөніндегі комиссия құрылады.

      "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға басшыларды қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу үшін жұмыс органы қалалық атқарушы органның кадр қызметі болып табылатын бағалау жөніндегі комиссия құралады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия

      төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы Ақтау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Жұмыстың жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп бағаланатын жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана Ақтау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Ақтау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Ақтау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау өтетіндігі туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері мен күрделі болып табылатын түрлері мемлекеттік органдарымен өзінің салалық ерекшеліктері сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің артуы тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша бөлінеді. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" балға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және жеке мен заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжат айналымы қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде персоналды басқару қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" балл мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы персоналды басқару қызметінің, құжат айналымы қызметінің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісімен қол қойылады.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкерінің және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула арқылы есептейді:

     

     


     


      – тоқсандық баға;

      a – көтермелеу балдары;

      в – айыппұл балдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады: 80 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 балдан астам – "өте жақсы" қойылады.

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындаудың бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, оған түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:

      жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін 2 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырылады.

      32. Персоналды басқару қызметі "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

     

     


     


      – жылдық баға;

     

     


      – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;

     


      жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3-тен бастап 3,9 балға дейін – "қанағаттанарлық"; 4-тен бастап 4,9 балға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы" қойылады.

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Ақтау қаласы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырылады.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, Ақтау қаласы әкімінің аппаратына Комиссия шешімін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Ақтау қаласы әкімінің аппараты екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолданады.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілік жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Ақтау қаласы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1 қосымша
  Нысан

"Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      __________________________________ жыл

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)__________________________

      Қызметшінің лауазымы:___________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      __________________________________________________________________________


Мақсаттық көрсеткіштер

Күтілетін нәтижелер

Мақсаттық көрсеткіш 1


Мақсаттық көрсеткіш 2


3

Мақсаттық көрсеткіш 3


4



Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________ 


  "Ақтау қаласы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2 қосымша
  Нысан

Бағалау парағы


      _____________________ тоқсан _____ жыл

      (бағаланатын кезең)

       Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_______________

      __________________________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:_________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      __________________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ес
керту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер 

1








2
















Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:



Қызметші___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________


  "Ақтау қаласы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3 қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

      _________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:_________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      __________________________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы


Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




2
 

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі 

2-ден 5 ке дейін 

3
 

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі 

2-ден 5 ке дейін




… 






Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________


  "Ақтау қаласы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің, "Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4 қосымша
  Нысан

Комиссия отырысының хаттамасы

      __________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

       _________________________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


 

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.





2.





...






      Комиссия қорытындысы:

      __________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссияның хатшысы: ____________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      Күні: _____________


      Комиссияның төрағасы: ____________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      Күні: ____________


      Комиссияның мүшесі: _____________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      Күні: _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады