Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі №410 және Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 сәуірдегі № 8/84 "Ақтау қаласы әкімдігі ғимараты алдындағы алаңды "Астана алаңы" деп атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 7/84 шешімі мен Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 528 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 3345 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 410 және Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 сәуірдегі № 8/84 "Ақтау қаласы әкімдігі ғимараты алдындағы алаңды "Астана алаңы" деп атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-82 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда "Маңғыстау" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабы 5) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының астанасы − Астана қаласының 10 жылдық мерейтойының тойлауына байланысты Ақтау қаласы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің, Маңғыстау облыстық "Халық келісімі" қоғамдық бірлестігінің Ақтау қаласы әкімдігі ғимараты алдындағы алаңды "Астана алаңы" деп атау туралы ұсыныстарын қарап және Ақтау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы бірлескен қаулы мен шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасарына (Қ.Берішбаев) жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш.Гусейнов
      Қала әкімі С. Трұмов
      Қалалық мәслихат хатшысы М. Молдағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады