Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 3464 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23 қазандағы 2023 жылғы № 7/71 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 7/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 24 тамыздағы №10-15-4307 ұсынысының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Бейнеу ауданында әлеуметтіккөмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіндежәне бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Досов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және

      азаматтық хал актілерін тіркеу

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Қ.Назарханов

      "30" қазан 2017 жыл

      "Бейнеу аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Б.Әзірханов

      "30" қазан 2017 жыл

  Бейнеу аудандық мәслихатының2017 жылғы 30 қазандағы №18/145шешімімен бекітілген

Бейнеу ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 12.10.2021 № 11/99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бейнеу ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкiлеттi орган - "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      Ескерту. 4- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 09. 09.2022 № 22/215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 26.12.2022 № 29/265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2 тарау. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған және бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      еңбек ардагерлеріне - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, атап айтқанда:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-6 баптарында аталған адамдардың отбасыларына;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның, сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      1979 жылғы 1 желтоқсаннан 1989 жылғы желтоқсанды қоса алған кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылары мен қызметшiлеріне - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      4) 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні:

      жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұлғаларға – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) – әрбір балаға 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      6) 25 қазан – Республика күні:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      70 (жетпіс) жастан асқан зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;

      7) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 26.06.2023 № 4/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе зейнетақы алмайтын, әлеуметтік маңызды аурулары бар: қатерлі ісіктері бар, туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғаларға, табыстарын есепке алмай 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, осы жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      3) өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5-нан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар өмірлік қиын жағдайға ұшыраған тұлғаларға, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      4) адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға, Қазақстан Республикасы бойынша 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, ай сайын;

      5) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын: бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, жетімдер, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы, жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған жағдайда, студенттерге 125 (бір жүз жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жартыжылдықта 1 рет;

      6) 6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген адамдарға санаториялық-курорттық емделуге табыстарын есепке алмай, бір рет, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес;

      7) санаторий-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүретін адамдарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде бір рет, табыстарын есепке алмай санаторий-курорттық ұйымда болу құнын өтеуге.

      Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 26.12.2022 № 29/265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 26.06.2023 № 4/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      12. Алып тасталды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 14.02.2022 № 16/152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Алып тасталды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 14.02.2022 № 16/152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Бейнеу аудандық мәслихатының2017 жылғы 30 қазандағы №18/145шешіміне қосымша

Бейнеу аудандық мәслихатының күші жойылған

кейбiр шешiмдерiнiң тізімі

      1) Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2318 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №51 "Рауан" газетінде жарияланған);

      2) Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі №23/157 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2415 болып тіркелген,2014 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3) Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы №28/193 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2550 болып тіркелген,2014 жылғы 25 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4) Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы №30/211 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2632 болып тіркелген,2015 жылғы 19 наурызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5) Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №32/230 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2778 болып тіркелген,2015 жылғы 4 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      6) Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы №3/23 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3090 болып тіркелген,2016 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      7) Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №6/43 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3156 болып тіркелген,2016 жылғы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған);

      8) Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қазандағы №7/54 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерісжәне толықтыруенгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3174 болып тіркелген,2016 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады