Атаусыз көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 1145 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 шілдеде № 3386 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 9 қарашадағы қорытындысының негізінде, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу ауылындағы Балқаш көшесінің оңтүстігінде орналасқан атаусыз көшелерге келесідей атаулар берілсін:

      бірінші көшеге–Қалмұрат Сабырбаев есімі;

      екінші көшеге–Шерқала атауы;

      үшінші көшеге–Желтау атауы;

      төртінші көшеге–Қарабұлақ атауы;

      бесінші көшеге - Ұланақ атауы.

      2. "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Қанатов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары С.Қалдығараевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Ж.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады