Әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 526 "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 293 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 маусымда № 7112 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 373 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.08.2019 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 526 "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6090 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады