Байланыс формасы

Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 маусымда № 7123 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:

      Қарасу ауданы Люблин ауылдық округінің Носов ауылы;

      Қарасу ауданы Восточный ауылдық округінің Алықпаш ауылы;

      Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің Молодежный ауылы;

      Қарасу ауданы Восточный ауылдық округінің Қозыбай ауылы;

      Қарасу ауданы Белорус ауылдық округінің Целинный ауылы;

      Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің Сүйгенсай ауылы;

      Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің Алакөл ауылы;

      Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің Первомай ауылы;

      Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің Калинов ауылы;

      Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің Целинный ауылы;

      Денисов ауданы Тобыл ауылдық округінің Шоқыбай ауылы;

      Науырзым ауданы Буревестник ауылдық округінің Ақбұлақ ауылы;

      Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің Жалтыркөл ауылы;

      Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің Қондыбай ауылы;

      Қостанай ауданы Жданов ауылдық округінің Аққабақ ауылы;

      Қостанай ауданы Половников ауылдық округінің Жақсылық ауылы;

      Қамысты ауданы Богданов ауылдық округінің Богданов ауылы;

      Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Песчаный ауылы;

      Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің Славянка ауылы;

      Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің Қоскөл ауылы;

      Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Амречье ауылы;

      Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округінің Қызылағаш ауылы;

      Алтынсарин ауданы Новоалексеев ауылдық округінің Аннов ауылы;

      Таран ауданы Таран ауылдық округінің Әйет ауылы;

      Таран ауданы Таран ауылдық округінің Воронеж ауылы;

      Таран ауданы Павлов ауылдық округінің Нелюбин ауылы;

      Таран ауданы Павлов ауылдық округінің Барсуков ауылы;

      Таран ауданы Новоильинов ауылдық округінің Ленин ауылы;

      Таран ауданы Қайранкөл ауылдық округінің Достияр ауылы;

      Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Қаражар ауылы.

      Таратылған елді мекендер енгізілсін:

      Люблин ауылдық округінің Носов ауылы Қарасу ауданы Люблин ауылдық

      округінің Люблин ауылының құрамына;

      Восточный ауылдық округінің Алықпаш ауылы Қарасу ауданы Восточный ауылдық округінің Восток ауылының құрамына;

      Қарамырза ауылдық округінің Молодежный ауылы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің Кошевой ауылының құрамына;

      Восточный ауылдық округінің Қозыбай ауылы Қарасу ауданы Восточный ауылдық округінің Тімтуір ауылының құрамына;

      Белорус ауылдық округінің Целинный ауылы Қарасу ауданы Белорус ауылдық округінің Амангелді ауылының құрамына;

      Қарамырза ауылдық округінің Сүйгенсай ауылы Қарасу ауданы Қарамырза ауылдық округінің Қарамырза ауылының құрамына;

      Аршалы ауылдық округінің Алакөл ауылы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің Аршалы ауылының құрамына;

      Комаров ауылдық округінің Первомай ауылы Денисов ауданы Комаров ауылдық округінің Комаров ауылының құрамына;

      Денисов ауылдық округінің Калинов ауылы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің Денисов ауылының құрамына;

      Денисов ауылдық округінің Целинный ауылы Денисов ауданы Денисов ауылдық округінің Денисов ауылының құрамына;

      Тобыл ауылдық округінің Шоқыбай ауылы Денисов ауданы Тобыл ауылдық округінің Глебов ауылының құрамына;

      Буревестник ауылдық округінің Ақбұлақ ауылы Науырзым ауданы Буревестник ауылдық округінің Буревестник ауылының құрамына;

      Мүктікөл ауылдық округінің Жалтыркөл ауылы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің Мүктікөл ауылының құрамына;

      Мүктікөл ауылдық округінің Қондыбай ауылы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің Мүктікөл ауылының құрамына;

      Жданов ауылдық округінің Аққабақ ауылы Қостанай ауданы Жданов ауылдық округінің Жданов ауылының құрамына;

      Половников ауылдық округінің Жақсылық ауылы Қостанай ауданы Половников ауылдық округінің Половников ауылының құрамына;

      Богданов ауылдық округінің Богданов ауылы Қамысты ауданы Богданов ауылдық округінің Фрунзе ауылының құрамына;

      Бөрлі ауылдық округінің Песчаный ауылы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Тастыөзек ауылының құрамына;

      Есенкөл ауылдық округінің Славянка ауылы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округінің Лесной ауылының құрамына;

      Киев ауылдық округінің Қоскөл ауылы Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің Миролюбов ауылының құрамына;

      Чапаев ауылдық округінің Амречье ауылы Ұзынкөл ауданы Чапаев ауылдық округінің Речной ауылының құрамына;

      Маяковский ауылдық округінің Қызылағаш ауылы Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округінің Темір Қазық ауылының құрамына;

      Новоалексеев ауылдық округінің Аннов ауылы Алтынсарин ауданы Новоалексеев ауылдық округінің Новоалексеев ауылының құрамына;

      Таран ауылдық округінің Әйет ауылы Таран ауданы Таран ауылдық округінің Красносельский ауылының құрамына;

      Таран ауылдық округінің Воронеж ауылы Таран ауданы Таран ауылдық округінің Таран ауылының құрамына;

      Павлов ауылдық округінің Нелюбин ауылы Таран ауданы Павлов ауылдық округінің Павлов ауылының құрамына;

      Павлов ауылдық округінің Барсуков ауылы Таран ауданы Павлов ауылдық округінің Павлов ауылының құрамына;

      Новоильинов ауылдық округінің Ленин ауылы Таран ауданы Новоильинов ауылдық округінің Увальный ауылының құрамына;

      Қайранкөл ауылдық округінің Достияр ауылы Таран ауданы Қайранкөл ауылдық округінің Мақсұт ауылының құрамына;

      Ломоносов ауылдық округінің Қаражар ауылы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Қасқат ауылының құрамына.

      3. Құрамында Жітіқара ауданының Тимирязев ауылы және Волгоград ауылы бар, Жітіқара ауданының Тимирязев ауылдық округі құрылсын.

      4. Қайта құрылсын:

      Половников ауылдық округі Қостанай ауданының Половников ауылы болып;

      Буревестник ауылдық округі Науырзым ауданының Буревестник ауылы болып;

      Богданов ауылдық округі Қамысты ауданының Фрунзе ауылы болып;

      Белорус ауылдық округі Қарасу ауданының Амангелді ауылы болып;

      Қайранкөл ауылдық округі Таран ауданының Мақсұт ауылы болып;

      Мүктікөл ауылдық округі Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылы болып.

      5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов
      Қостанай облыстық
мәслихаты сессиясының төрағасы
Е. Коппаев
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады