Арқалық қаласында жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 451 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 желтоқсанда № 7420 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға 60 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Балғарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Арқалық қаласы

      мәслихатының хатсышы

      ____________ Г. Елтебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады