2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 233 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қарашада № 7337 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 46-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға арналған Ұзынкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 111 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7060 болып тіркелген, 2017 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Сарсембаев

  Әкімдіктің
2017 жылғы 6 қарашадағы
№ 233 қаулысына
қосымша

2017 жылға арналған Ұзынкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік -аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құның бір айдағы мөлшері (теңге)

1

Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

28 617

3 жасқа дейін – 8 030 3-7 жас аралығы – 9 548

2

Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны"

55

39 577

3 жасқа дейін – 6 909 3-7 жас аралығы – 7 360

3

Ұзынкөл ауданы, Миролюбовка ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

20

33 254

3 жасқа дейін – 5 942 3-7 жас аралығы – 6 508

4

Ұзынкөл ауданы, Новопокровка ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Балауса" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

28 730

3 жасқа дейін – 6 700 3-7 жас аралығы – 7 900

5

Ұзынкөл ауданы, Пресногорьковка ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

28 915

3 жасқа дейін – 4 400 3-7 жас аралығы - 6000

6

Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімінің "Сәуле" бөбектер - бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

90

40 874

3 жасқа дейін – 6 600 3-7 жас аралығы – 7 700

7

Ұзынкөл ауданы, Ершовка ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімінің" "Нұрбөбек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

45

27 861

3 жасқа дейін – 7 400 3-7 жас аралығы – 7 800

8

Ұзынкөл ауданы, Обаған ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Обаған орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын-орталық

20

17 842

бір жас алты айдан 3 960

9

Ұзынкөл ауданы, Суворово ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Суворов орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын-орталық

35

18 500

бір жас алты айдан бастап 3 960


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады