2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 366 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қарашада № 7282 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қантарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Әкiмдіктің
2017 жылғы 10 қазандағы
№ 366 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері

№ р/с

Ұйымның атауы

Кәсіпорындағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1

"Джаркульский элеватор" акционерлік қоғамы

75

1,3 %

1

2

"Алтын-Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

645

0,3 %

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады