Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 7 және Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 127 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 шілдеде № 5558 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласы өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отыра, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Екібастұз қаласының Құдайкөл ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;

      Құдайкөл мен Қарасор ауылдары жер пайдалану шегіндегі аумағымен Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілсін;

      Бесқауға ауылы жер пайдалану шегіндегі аумағымен Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілсін;

      Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің орталығы болып Бесқауға ауылы белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы Г. Әбішева
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады