Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 176/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 146/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5369 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 1374/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 28.12.2018 № 1374/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 176/3 қаулысына (2016 жылғы 14 наурызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4992 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 наурызда № 11 "Регион KZ" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Павлодар қаласы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Балашовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 7 ақпандағы
№ 146/5 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

№ р/с

Атауы

1

Жанар - жағармай материалдарын (бензинді) сатып алу бойынша конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы он мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу

3

Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларын іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады