Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 31/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5364 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 611/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 12.07.2019 № 611/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бірыңғай мемлекеттік сатып алуды жүргізу мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Мына:

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 156/3 қаулысының (нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4983 болып тіркелді, 2016 жылғы 18 наурызда № 11 "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған);

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 156/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 691/8 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5196 болып тіркелді, 2016 жылғы 12 тамызда № 32 "Ақсу жолы" және "Новый путь" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қ.З. Арыновқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсимбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 27 қаңтардағы
№ 31/1 қаулысына
қосымша

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 11.09.2018 № 595/9 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/н

Атауы

1

Қалалық жергілікті атқарушы органдармен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) әдісімен тауарлар, жұмыстар, қызметтердің мемлекеттік сатып алулары

2

Егерде сатып алуға бөлінген лот сомасы (жоспар тармағы) үшмың есе айлық есептік көрсеткіштен асса, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген жүз мың есе айлық есептік көрсеткіштен артық болмаса, конкурс (аукцион) әдістерімен тауарлар, жұмыстар, қызметтердің мемлекеттік сатып алулары

     

Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором

Постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 27 января 2017 года № 31/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 8 февраля 2017 года № 5364. Утратило силу постановлением акимата города Аксу Павлодарской области от 12 июля 2019 года № 611/5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Аксу Павлодарской области от 12.07.2019 № 611/5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстана от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках", в целях проведения единых государственных закупок акимат города Аксу ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить для заказчиков единым организатором государственных закупок по городу Аксу государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Аксу".

      2. Определить бюджетные программы и товары, работы, услуги, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором государственных закупок согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Заказчикам, администраторам местных бюджетных программ обеспечить предоставление необходимых документов единому организатору государственных закупок на организацию и проведение государственных закупок согласно действующему законодательству Республики Казахстан о государственных закупках.

      4. Признать утратившими силу:

      1) Постановление акимата города Аксу от 26 февраля 2016 года № 156/3 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором" (зарегистрированое в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4983, опубликованное в газетах "Ақсу жолы" и "Новый путь" № 11 от 18 марта 2016 года);

      2) Постановление акимата города Аксу от 2 августа 2016 года № 691/8 "О внесении изменения в постановление акимата города Аксу от 26 февраля 2016 года № 156/3 "Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором" (зарегистрированое в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5196, опубликованное в газетах "Ақсу жолы" и "Новый путь" № 32 от 12 августа 2016 года).

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Аксу Арынова К.З.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Акима города Н. Дюсимбинов

  Приложение
к постановлению акимата
города Аксу
от 27 января 2017 года № 31/1

Бюджетные программы и товары, работы, услуги по которым
организация и проведение государственных закупок
осуществляется единым организатором по городу Аксу

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата города Аксу Павлодарской области от 11.09.2018 № 595/9 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование

1

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона) в рамках бюджетных программ развития, предусматривающих реализацию бюджетных инвестиционных проектов городским местным исполнительным органом

2

Государственные закупки товаров, работ, услуг способами конкурса (аукциона), если сумма лота (пункта плана), выделенная на закуп превышает трехтысячекратный месячный расчҰтный показатель, но не более стотысячекратного месячного расчҰтного показателя, установленного на соответствующий финансовый год