Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке ауылының және Пограничник ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 1-03/03 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 5778 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы Достық селолық округі Береке ауылы және Пограничник ауылындағы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке ауылындағы келесі көшелері:

      "Дзержинский" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;

      "Комсомольский" көшесі "Ынтымақ" көшесі болып;

      "Крестьянская" көшесі "Еңбек" көшесі болып;

      "Ленин" көшесі "Николай Бердников" көшесі болып;

      "ЛТО" көшесі "Ақниет" көшесі болып;

      "Карл Маркс" көшесі "9 Мамыр" көшесі болып;

      "Маяковский" көшесі "Ата Заң" көшесі болып;

      "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып;

      "Молодежная" көшесі "Жастар" көшесі болып;

      "Новостройка" көшесі "Болашақ" көшесі болып;

      "Олимпийская" көшесі "Атамекен" көшесі болып;

      "Пионерская" көшесі "Ұлан" көшесі болып;

      "Советская" көшесі "Желтоқсан" көшесі болып;

      "Целинная" көшесі "Парасат" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Ақсу қаласы Достық селолық округінің Пограничник ауылындағы келесі көшелері:

      "Новая" көшесі "Атамекен" көшесі болып;

      "Пролетарский" қиылысы "Жұмыскер" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Достық селолық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Р. Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады