Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 145 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 шілдеде № 5554 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Әмірин

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "20" маусымдағы
№ 145 қаулысына
қосымша

Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші
жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 341 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4302 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы аудандық № 6 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4306 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпандағы аудандық № 7 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы "Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4349 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурыздағы аудандық № 11 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      4. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы "Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 51 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4391 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 сәуірдегі аудандық № 15 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      5. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 95 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4465 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырдағы аудандық № 20 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      6. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4487 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымдағы аудандық № 22 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      7. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 112 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4482 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымдағы аудандық № 22 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      8. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 113 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4484 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымдағы аудандық № 22 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      9. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 114 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4481 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымдағы аудандық № 22 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      10. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4483 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымдағы аудандық № 22 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      11. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Харьков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 121 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4501 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымдағы аудандық № 22 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      12. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Разумовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4485 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымдағы аудандық № 22 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      13. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4519 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымдағы аудандық № 24 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      14. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4488 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымдағы аудандық № 22 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      15. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 125 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4503 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 маусымдағы аудандық № 22 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      16. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 153 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4538 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 шілдедегі аудандық № 26 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      17. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы "Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 157 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4548 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 шілдедегі аудандық № 26 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      18. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 194 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4639 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 тамыздағы аудандық № 32 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

      19. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі "Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 205 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4646 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 тамыздағы аудандық № 32 "Ауыл тынысы" және "Пульс села" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады