Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Качир ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қаңтарда № 5350 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 187/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 04.07.2017 № 187/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының квотасы:
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Качир ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы жұмыскерлердің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде 1-қосымшаға сәйкес;
      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Качир ауданының ұйымдарында жұмыскерлердің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы А. Балғабаев

  Качир ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "10" қаңтардағы
№ 4 қаулысына
1-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға
Качир ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы

р/с №

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

"Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі

78

2

1

2

Качир ауданы әкімдігінің "Бастау" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

63

2

1

3

Качир ауданы әкімдігінің "Өркендеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

2

1

  Качир ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "10" қаңтардағы
№ 4 қаулысына
2-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Качир
ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы

р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

"Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі

78

2

1

2

Качир ауданы әкімдігінің "Бастау" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

63

2

1

3

Качир ауданы әкімдігінің "Өркендеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады