Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 58/2 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 5/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5372 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 209/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 05.07.2019 № 209/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4984 тіркелген, "Заман тынысы" № 11 (8081), "Нива" № 11 (250) газеттерінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған) № 58/2 қаулысына келесі толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының орыс тіліндегі преамбуласында "соответствии" сөзінен кейін "со" сөзімен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулы қосымшасының 2-тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулы қосымшасының 3-тармағында "сомасы бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен" сөздері "екі жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен жүз мың еселік айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы құраған" сөздерімен алмастырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Г. Қ. Сейітқазинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Н. Садыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады