Алматы қаласының Ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы

Жаңа

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХIХ сессиясының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 134 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 1403 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, қоса беріліп отырған Алматы қаласының Ортақ су пайдалану қағидалары белгіленсін.

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VІ сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      ХІХ сессиясының төрағасы М. Хасенов
      VІ сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      Хатшысы Қ. Қазанбаев

  Алматы қаласы мәслихатының
  2017 жылғы 11 тамыздағы
  № 134 шешіміне қосымша

Алматы қаласының Ортақ су пайдалану қағидалары

      1. Осы Алматы қаласының су объектілерінде Ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласы мәслихатының өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруіне қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

      5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

      6. Ортақ су пайдалануға:

      1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарында;

      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;

      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.

      7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

      9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

      Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.

      11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында:

      1) суға түсуге:

      - жабдықталмаған жағажайларда;

      - санитарлық - эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келмейтін су қоймаларында;

      - селді ұстап тұратын құрылғылар, шлюздер, өзендердің габиондармен тұрақтандырылған және бекітілген арнасының учаскелерінде, сарқын суларды ағызатын орындар және ластанудың басқа да көздерінде кем дегенде 500 метр қашықтықта;

      - лайлы учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлар болған кездерде (жағалауы жадағай, еңіс болуы керек, жар және шұңқырыз, ал судың түбі құмды, балдырсыз, тырбиған ағаш және үшкір тастар болмауы керек) жол берілмейді.

      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган тыйым салған жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктер үшін су алуға тыйым салынады;

      3) су объектілерінде шағын кемелермен және басқа да жүзу құралдарымен жүзуге жол берілмейді, зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланылатын шағын кемелер мен басқа да құралдарды есептемегенде.

      12. Алматы қаласының әкімдігі тиісті аумақта тұрған су объектілерінің, су жабдықтау және су бұру жүйелерінің жағдайы туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.

      13. Су пайдаланушы оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асырады, егер Алматы қаласы мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.

      14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Алматы қаласының мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

      14-1. Алматы қаласының мәслихаты маслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.

      15.      Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

      15-1. Су пайдаланушы Алматы қаласының мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

      1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

      2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

      3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

      4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүзеге асыруы тиіс.

      17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

      1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

      2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

      3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

      4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

      5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;

      6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

      7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады