Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХI сессиясының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2017 жылғы 18 қыркүйекте № 1404 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңының 24 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Қағидасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы шешімге берілген қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С. Козловқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
ХХІ сессиясының төрағасы
М. Абдуллаев
      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  VI сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
XXI сессиясының
2017 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 147 шешіміне қосымша

Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Алматы қаласы мәслихатының 22.02.2019 № 314 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді – Алматы қаласы мәслихатының 27.05.2019 № 359 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.10.2020 № 491 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Жобаның атауы Бюджеттік бағдарламаның жауапты әкімгері (мемлекеттік әріптес)

1.

Велосипедшілерді дайындай отырып, велотректі басқару

Алматы қаласы Спорт басқармасы

2.

Алматы қаласындағы "№ 2 мамандандырылған олимпиада резервіндегі балалар-жасөспірімдер мектебі ("Спутник") коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін басқару

Алматы қаласы Спорт басқармасы

3.

Мектептер жанындағы дене шынықтыру- спорт аймақтарының мүліктік кешенін басқару

Алматы қаласы Білім басқармасы

4.

Қоғамдық көлікті диспетчерлеу

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

5.

Алматы қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін енгізу

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы

6.

Алматы қаласының жеке меншік бала бақшаларында мектепке дейінгі тәрбиені және оқытуды ұйымдастыру

Алматы қаласы Білім басқармасы

7.

Алматы қаласының көше-жол желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

8.

Алматы қаласының аумағын көгалдандыру

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы

9.

Алматы қаласын сыртқы жарықтандыруды жаңғырту

Алматы қаласы Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы

10.

Алматы қаласында жеңілрельсті көлік (жүрдек трамвай) желілерінің құрылысы, пайдалану, қызмет көрсету

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

11.

Алматы қаласында жаяу жолдарды, аялдама қапталдарын және алаңдарды орташа жөндеу

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

12.

Алматы қаласы № 7 Қалалық клиникалық ауруханасында реанимациясы бар кардиохирургиялық бөлімше құру

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы

13.

Алматы арена және Халық аренаны көп функционалды және кешенді басқаруды ұйымдастыру

Алматы қаласы Спорт басқармасы

14.

Алматы қаласындағы білім беру мекемелері жанындағы дене шынықтыру-спорт аймақтарын қайта жаңарту, пайдалану және басқару

Алматы қаласы Білім басқармасы

15.

Алматы қаласында Инновациялық шығармашылық орталықтарын салу және пайдалану

Алматы қаласы Білім басқармасы

16.

Алматы қаласында бұрын салынған және жаңадан салынып жатқан тоғы әлсіз желілерді жаңғырту, техникалық сервистік қызмет көрсету

Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы

17.

Алматы қаласының саябақтарының, скверлерінің, өзен арналарының, тротуарлары мен аулаларының көше жарығын жүргізу, қайта жаңғырту, қызмет көрсету және пайдалану

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы

18.

Алматы қаласының жол трафигінің қауіпсіздігі мен талдауының зияткерлік жүйесі

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады