Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХI сессиясының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 146 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2017 жылғы 22 қыркүйекте № 1405 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің қолданысы 01.09.2018 дейін тоқтатылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.07.2018 № 244 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізілді және ресми жариялануға жатады) шешiмiмен. 01.09. 2018 жылдан бастап шешім күшіне қайта енді - Алматы қаласы мәслихатының 17.07.2018 № 244 шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХІ сессиясының
төрағасы
М. Абдуллаев
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXI сессиясының
2017 жылғы 15
қыркүйектегі № 146
шешіміне қосымша

Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,
әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Бағасы, теңгемен
(ҚҚС бірге)

1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға,
қайта өңдеуге және көмуге арналған
тариф

Жайлы және жайлы емес үйлердің жеке тұлғалары

1 тұрғын
айына

553,04

1.2.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 текше метр

2288,46

2.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге және көмуге арналған тариф

1 тонна

5600

      Ескертпе: ҚҚС – қосымша құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады