Алматы қаласының Фурманов көшесін қайта атау туралы

Бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 4/493 қаулысы және VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 175 шешімі. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда № 1430 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Медеу, Бостандық, Алмалы, Жетісу аудандарындағы Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып қайта аталсын.

      2. Алматы қаласы Медеу, Бостандық, Алмалы, Жетісу аудандарының әкімдері, "Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы", "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы", "Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулы мен шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).

      5. Осы "Алматы қаласының Фурманов көшесін қайта атау туралы" Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек
      VІ сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
ХХIV сессиясының төрағасы
М. Әзірбаев
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

О переименовании улицы Фурманова города Алматы

Совместное постановление акимата города Алматы от 30 ноября 2017 года N 4/493 и решение ХХIV сессии маслихата города Алматы VI созыва от 30 ноября 2017 года № 175. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 4 декабря 2017 года № 1430

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", учитывая мнение населения города Алматы, на основании заключений ономастической комиссии при акимате города Алматы от 16 ноября 2017 года и Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан от 27 ноября 2017 года, акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат города Алматы VІ-го созыва РЕШИЛ:

      1. Улицу Фурманова Медеуского, Бостандыкского, Алмалинского, Жетысуского районов города Алматы переименовать в проспект Нұрсұлтан Назарбаев.

      2. Акимам Медеуского, Бостандыкского, Алмалинского, Жетысуского, районов города Алматы, коммунальным государственным учреждениям "Управление экономики и бюджетного планирования города Алматы", "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Алматы", "Управление архитектуры и градостроительства города Алматы" принять необходимые меры по реализации настоящего постановления и решения.

      3. Аппарату маслихата города Алматы в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления и решения в органах юстиции, последующее официальное опубликование в периодических печатных изданиях, в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления и решения маслихата возложить на председателя постоянной комиссии по социально-культурному развитию маслихата города Алматы Х. Есенову и заместителя акима города Алматы А. Кырыкбаева (по согласованию).

      5. Настоящее постановление акимата и решение маслихата города Алматы "О переименовании улицы Фурманова города Алматы" вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Б. Байбек
      Председатель ХХІV-й сессии
маслихата города Алматы
VІ-го созыва
М. Азирбаев
      Секретарь маслихата
города Алматы VІ-го созыва
К. Казанбаев