Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 05 "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 02 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 1364 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 11.04.2019 № 2 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі "Алматы қаласы Бостандық ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" № 05 шешіміне (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1027 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 49-51 санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі № 49-50 санында жарияланған) қосымшаға сәйкес өзгертулер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы № 242, 250, 253, 255, 256, 257, 261, 262, 268, 292, 293, 490, 491 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Р.Д. Искаковқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Торғаев

  Алматы қаласы
Бостандық ауданы әкімінің
2017 жылғы 15 наурызындағы
№ 02 шешіміне
қосымша

№ 242 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 135А үй,
№ 94 мектеп-гимназиясы, телефон 392-05-50

      Шекарасы: Абай даңғылынан бастап Жароков көшесінің бойымен (батыс жағы) Жандосов көшесіне дейін, Жароков көшесінің бойындағы 169 үйді есептемегенде, Жандосов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) Айманов көшесіне дейін, Айманов көшесінің бойымен (шығыс жағы), Сәтбаев көшесіндегі 62, 62А үйлерді қоса, Абай даңғылына дейін, Абай даңғылының бойымен (оңтүстік жағы) Жароков көшесіне дейін.

№ 250 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 205 үй,
№ 92 мамандандырылған лицейі, телефон 393-35-02

      Шекарасы: Фурманов көшесінен әл-Фараби даңғылымен (солтүстік жағы) Володарский көшесіне дейін, Володарский көшесімен (шығыс жағы) Попов көшесіне дейін, Попов көшесімен (оңтүстік жағы) Попов көшесі 1А үйінің бұрышына дейін және оны есепке алмағанда Минусинский көшесіне дейін, Минусинский көшесімен (екі жағы), Минусинский көшесінің № 23 үйін есепке алғанда, Тимирязев көшесіне дейін, Керемет ықшам ауданындағы 1, 3, 3/11, 5 үйлерді қоса есептегенде Тимирязев көшесінен (оңтүстік жағы) Республика алаңына дейін, Республика алаңы шекарасымен (оңтүстік шығыс жағы) Фурманов көшесіне дейін, Фурманов көшесімен (батыс жағы) әл-Фараби даңғылына дейін.

№ 253 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22В үй, Қ. Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті, телефон 292-67-38

      Шекарасы: Байтұрсынұлы көшесінен Ғабдуллин көшесімен (солтүстік жағы), Ғабдуллин көшесі 9 үйді қоспағанда, Марков көшесіне дейін, Марков көшесімен (шығыс жағы) Бұқар жырау бульвары көшесіне дейін, Римский-Корсаков көшесі 3 үйін есепке алмағанда, Бұқар жырау бульвары көшесімен (оңтүстік жағы) Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесімен (шығыс жағы), Байтұрсынұлы көшесіндегі 138/27 үйді қоса есептегенде Сәтбаев көшесіне дейін, Сәтбаев көшесімен (оңтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін, Сәтбаев көшесіндегі 20, 22В үйлерді қоспағанда, Сейфуллин даңғылымен (батыс жағы) Ғабдуллин көшесінің 1, 3 үйлерін қоспағанда Никитин көшесіне дейін, Никитин көшесімен (екі жағы) Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесімен (шығыс жағы) Ғабдуллин көшесіне дейін.

№ 255 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 3А үй,
№ 23 мектеп-гимназиясы, телефон 255-86-78

      Шекарасы: Абай даңғылынан Желтоқсан көшесімен (батыс жағы) Тимирязев көшесіне дейін, Желтоқсан көшесіндегі 177А, 177Б үйлер және Абай даңғылы 24 үйді есепке алмағанда, Тимирязев көшесімен (солтүстік – батыс жағы) Керемет ықшам ауданындағы 1, 3, 3/11, 5 үйлерді есептемегенде Байтұрсынұлы көшесіне дейін, Байтұрсынұлы көшесімен (шығыс жағы) Байтұрсынұлы көшесіндегі 138/27 үйді есептемегенде Тютчев көшесіне дейін, Тютчев көшесімен (екі жағы) Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылындағы 546 үйді есептемегенде Сейфуллин даңғылымен (шығыс жағы) Абай даңғылына дейін, Сәтбаев көшесі 20 үйді қоса алғанда, Абай даңғылымен (оңтүстік жағы) Желтоқсан көшесіне дейін.

№ 256 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 32 үй,
"Казгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, телефон 278-36-51

      Шекарасы: Сәтбаев көшесінен Байтұрсынұлы көшесімен (шығыс жағы) Абай даңғылына дейін, Абай даңғылымен (оңтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылындағы 546 үйді қоса есептегенде Сейфуллин даңғылынан (батыс жағы) Сәтбаев көшесіне дейін, Сәтбаев көшесімен (солтүстік жағы) Байтұрсынұлы көшесіне дейін.

№ 257 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22 үй, Қ. Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университеті, телефон 292-70-40

      Шекарасы: Ғабдуллин көшесі № 1, 3 үйлер – жатахана және Сәтбаев көшесіндегі 22В үйді қоса есептегенде.

№ 261 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Мүсірепов көшесі, 23 үй,
№ 51 мектеп-гимназиясы, телефон 394-99-55

      Шекарасы: Көктем-1 ықшам ауданы үйлерінің шекарасымен 1, 1А, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 45 үйлер.

№ 262 cайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 48 үй,
"Орталық стадион" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, телефон 292-47-10

      Шекарасы: Абай даңғылынан бастап Байтұрсынұлы көшесінің бойымен (батыс жағы) Бұқар жырау бульвары көшесіне дейін, Бұқар жырау бульвары көшесінің бойымен (солтүстік жағы) Марков көшесіне дейін, Марков көшесінің бойымен (батыс жағы) Ғабдуллин көшесіне дейін, Марков көшесіндегі 13 үйді есептемегенде, Ғабдуллин көшесінің бойымен (солтүстік жағы) Көктем-1 ықшам ауданына дейін, Көктем-1 ықшам ауданында 26, 27, 46, 47, 50, 51 үйлер шекарасымен, Көктем-1 ықшам ауданындағы 23, 45 үйлер және Шагабутдинов көшесіндегі 170, 180, 185, 189А, 217, 219 үйлер кірмейді, Есентай өзеніне дейін, Есентай өзенінің бойымен (шығыс жағы) Абай даңғылына дейін, Абай даңғылының бойымен (оңтүстік жағы) Байтұрсынұлы көшесіне дейін.

№ 268 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84 үй, "Санитарлық эпидемиологиялық
сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" республикалық
мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны, телефон 375-61-55

      Шекарасы: Абай даңғылынан Жароков көшесімен (шығыс жағы) Жандосов көшесіне дейін, Жароков көшесінің бойындағы 169 үйді қоса есептегенде, Жандосов көшесімен (солтүстік жағы) Клочков көшесіне дейін, Клочков көшесімен (батыс жағы) Абай даңғылына дейін, Абай даңғылынан (оңтүстік жағы) Жароков көшесіне дейін.

№ 292 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Қазақфильм ықшам ауданы, 34 үй,
№ 88 жалпы білім беру мектебі, телефон 299-07-04

      Шекарасы: әл-Фараби даңғылынан бастап Болашақ көшесіндегі (оңтүстік беті) үйлерді, Мамыр көшесіндегі (екі жағы) үйлерді, Мирас көшесіндегі 1А, 2, 2А, 5, 7, 8, 13, 16, 18, 20, 22 үйлерді, Бәйтерек көшесіндегі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 26 үйлерді, Тәуелсіздік көшесіндегі 1, 2, 4, 5, 6, 7, 7А, 9, 13, 14А үйлерді және Қазақфильм ықшам ауданындағы 19А, 29, 30, 31, 32, 33, 34А, 35, 35А, 36, 37, 38, 40, 41, 42, 43, 44, 44Б, 46, 51 үйлерді, Алматы Бос көшесіндегі 36 үйді, Новая көшесіндегі 2 үйді, Бағанашыл ықшам ауданындағы Вишневая көшесімен (екі жағы) қоса есептегенде Витебская көшесіне дейін, Витебская көшесінің жұп жағымен әл-Фараби даңғылына дейін.

№ 293 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Қазақфильм ықшам ауданы, 15А үй,
№ 70 жалпы білім беру мектебі, телефон 299-24-02

      Шекарасы: Жетісу көшесіндегі (екі жағы) үйлерді және Бейбітшілік көшесіндегі 2 үйді қоса, Қазақфильм ықшам ауданындағы 8, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28 үйлер мен Алматы Бос көшесіндегі 38, 39 үйлерді қоса есептегенде.

№ 490 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Алатау ықшам ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 33
"№ 189 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
телефон 298-78-70

      Шекарасы: Самал көшесінен бастап, Еркіндік көшесінің бойымен (екі жағы) шығысқа қарай Есеналиев көшесіне дейін, Болашақ көшесіндегі (оңтүстік беті) үйлерді, Мамыр көшесіндегі (екі жағы) үйлерді, Жетісу көшесіндегі (екі жағы) үйлерді, Мирас көшесіндегі 1А, 2, 2А, 5, 7, 8, 13, 16, 18, 20, 22 үйлерді, Бәйтерек көшесіндегі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 26 үйлерді, Тәуелсіздік көшесіндегі 1, 2, 4, 5, 6, 7, 7А, 9, 13, 14А үйлерді және Бейбітшілік көшесіндегі 2 үйді есептемегенде, Есеналиев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстік бағытта Аққайнар көшесіне дейін, Аққайнар көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Мәди көшесіне дейін, Мәди көшесінің бойымен (екі жағы) Ақиық көшесіне дейін, Ақиық көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстікке қарай Наурыз көшесіне дейін, Наурыз көшесінің бойымен (екі жағы) Самал көшесіне дейін, Самал көшесінің бойымен (екі жағы), Еркіндік көшесіне дейін.

№ 491 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Алатау ықшам ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 83
"Алатау" дәрігерлік амбулаториясы, телефон 298-79-31

      Шекарасы: Самал көшесінен бастап Қарасай батыр көшесінің бойымен (екі жағы) Ақиық көшесіне дейін, Ақиық көшесінің бойымен (екі жағы) оңтүстікке қарай Жұлдыз көшесіне дейін, Жұлдыз көшесінің бойымен (батыс жағы) батысқа қарай Самал көшесіне дейін, Самал көшесінің бойымен (екі жағы) Қарасай батыр көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады