Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 3 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 1369 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімінің 20.11.2018 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына 1, 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 42 бабының 3 тармақтың 4) - тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне (2015 жылы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1130 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпандағы "Алматы ақшамы" № 23 және 2015 жылғы 28 ақпандағы "Вечерний Алматы" № 25 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған шешім қосымшасының бүкіл мәтіні бойынша "Әуезов" көшенің атауы "Әшімов" көшенің атауымен ауыстырылсын;

      2) аталған шешім қосымшасында № 504 Сайлау учаскесінің орталығы мен шекарасы, № 505 Сайлау учаскесінің орталығы, № 506 Сайлау учаскесінің орталығы мен шекарасы, № 507, № 508, № 509, № 510, № 511, № 512, № 515, № 516 Сайлау учаскелерінің шекаралары, № 538 Сайлау учаскесінің орталығы мен шекарасы, № 540, № 542, № 543 Сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарында, сондай - ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылу банкінде және Наурызбай ауданы әкімі аппаратының интернет – ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жүргізу Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Н. Нысаналиевке жүктелсін.

      С. Сайфеденов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Алматы қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы Ж. Асанова

      18 наурыз 2017 жыл

  Алматы қаласы
Наурызбай ауданы әкімінің
2017 жылғы 18 наурыздағы №3
шешіміне қосымша

      № 504 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: "№157 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Қалқаман - 2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).

      Шекарасы: Райымбек даңғылынан бастап, Айбергенов көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Қыдырбеков көшесіне дейін. Айбергенов көшесінен, Қыдырбеков көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта кіші Райымбек көшесіне дейін. Кіші Райымбек көшесінің солтүстік жақ бетінен, батыс бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің батыс жақ бойымен, Сыпатай батыр көшесін қиып өтіп, оңтүстік бағытта Арман көшесіне дейін. Арман көшесінің солтүстік беті бойынан Жаңа шаруа және Бекешов көшесін қиып өтіп, батыс бағытта Карьерная көшесіне дейін. Карьерная көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Строительная көшесіне дейін. Строительная көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта кіші Райымбек көшесіне дейін. Кіші Райымбек көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Қарабұлақ көшесіне дейін. Қарабұлақ көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін. Райымбек даңғылының оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Айбергенов көшесіне дейін.

      № 505 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: "№157 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Қалқаман - 2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).

      Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, кіші Райымбек көшесінің оң жақ бетімен, батыс бағыттағы Тастыбұлак өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бетімен, Сыпатай батыр көшесін қиып өтіп, оңтүстік бағыттағы Арман көшесіне дейін. Арман көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің батыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы кіші Райымбек көшесіне дейін.

      № 506 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: "№157 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Қалқаман - 2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).

      Шекарасы: Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесінен бастап, Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінінің оң жақ бетімен, шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен, оңтүстік бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының жобалау Абай даңғылымен қиылысына дейін. Қалқаман-2 шағынауданының жобалау Абай даңғылының солтүстік жақ бетімен, батыс бағытағы Қалқаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесіне дейін. Қалкаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағыттағы Мақатаев көшесіне дейін. Мақатаев көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағыттағы Әшімов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Ауезов көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағыттағы Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін.

      № 507 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 176 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Қалқаман-3 шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй).

      Шекарасы: Жайлау көшесінен бастап, Жаңа шаруа көшесінің оңтүстік жақ бетімен Қалқаман-2 шағынауданының Арман және Мақатаев көшелерін қиып өтіп, шығыс бағытта Әйтей батыр көшесіне дейін. Әйтей батыр көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта, жобалау Абай даңғылына дейін. Жобалау Абай даңғылының оңтүстік жақ бетімен, шығыс багыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, оңтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін. Шаляпин көшесінің солтүстік жақ бетімен, Южная көшесін қиып өтіп Тау Самалы коттедж қалашығы шекарасын айналып өтіп, батыс бағытта Жайлау көшесіне дейін. Жайлау көшесінің шығыс бетін бойлай, солтүстік бағытта Жаңа шаруа көшесіне дейін.

      № 508 Сайлау учаскесі

      (050006, Орталығы: "№ 176 мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік

      мекемесі, Қалқаман-3 шағынауданы, Мақатаев көшесі, 47 үй).

      Шекарасы: Қалқаман-3 шағынауданының Әшімов көшесінен бастап, Шаляпин көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен, оңтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін. Кеңесбаев көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Шаляпин көшесіне дейін.

      № 509 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: "№188 жалпы орта білім беретін мектеп"коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы,Жандосов көшесі, 4 үй)

      Шекарасы: Жандосов көшесінен бастап, Қажымұқан көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Қарасай батыр көшесіне дейін. Қарасай батыр көшесінен бастап, Тастыбұлақ шағынауданы шекарасының батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысына дейін. Аудан шекарасы және бұлақ жағалауының қиылысынан батыс бағытта Іле- Алатауы ұлттық саябағы шекарасын бойлап Ақсай өзені жағалауымен қиылысына дейін. Ақсай өзені қиылысынан Ақсай өзені жағасын бойлай солтүстік бағытта, Тастыбұлақ өзені жағасымен қиылысына дейін. Тастыбұлақ өзені шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің оңүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қажымұқан көшесіне дейін.

      № 510 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: "№187 жалпы орта білім беретін мектеп"коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы,Жандосов көшесі, 2 үй).

      Шекарасы: Гроза көшесінен бастап, Кеңесбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағыттағы Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жағалауымен оңтүстік бағытта Құрамыс шағынауданының Алатау көшесіне дейін. Алатау көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағыттағы Гроза көшесіне дейін. Гроза көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Кеңесбаев көшесіне дейін.

      № 511 Сайлау учаскесі

      (050070, Орталығы: "Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантинғылыми-зерттеу

      институты" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,Рахат шағынауданы, Қазыбек би көшесі, 1)

      Шекарасы: Құрамыс, Рахат шағынаудандары және Таугүл-3 шағынауданының бір бөлігі. Қарғалы өзені жағалауы мен Жандосов көшесінен шығыс бағытқа бұрылып Жандосов көшесінің оңтүстік жақ бетімен өтіп, Центральная көшесі мен Таугүл-3 шағынауданының оңтүстік және оңтүстік - шығыс шекарасынан Кәрменов көшесі қиылысына дейін. Кәрменов көшесі қиылысы мен шығыс бағытқа бұрылып, Кәрменов көшесінің оңтүстік жақ бетімен өтеді, шығыс бағытта Рахат шағынауданының солтүстік шекарасы бойымен және әрі қарай Асқаров көшесінің қиылысына дейін. Тополевая көшесі мен Асқаров көшелері қиылысынан оңтүстік бағытта бұрылып, Асқаров көшесінің батыс жағымен кіші Мұстафин көшесімен қиылысына дейін. Кіші Мұстафин және Асқаров көшелері қиылысынан, кіші Мұстафин көшесінің солтүстік жақ бетімен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Мұстафин көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Амангелді көшесіне дейін. Амангелді көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік-батыс бағытта Кәрібай ақын көшесіне дейін. Кәрібай ақын көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Құрамыс шағынауданының Сәтпаев көшесімен қиылысына дейін. Сәтпаев көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің шығыс жақ бойымен солтүстік бағытта Жандосов көшесімен қиылысатын жерге дейін.

      № 512 Сайлау учаскесі

      (050070, Орталығы: "Элит-Дом-Сервис" Жауапкершілігішектеулі серіктестігі,

      Қарғалы шағынауданы,Мустафин көшесі, 54/1).

      Шекарасы: Қарғалы, Жайлау шағынаудандары. Кіші Мұстафин көшесінің Мұстафин көшесінің қиылысынан, Мұстафин көшесінің батыс жақ бетімен Абай көшесін кесіп өтіп, оңтүстік бағытта, аудан шекарасы бойымен Жайлау ауылының оңтүстік- шығыс шекарасына дейін. Абай көшесі қиылысынан және Жайлау ауылының оңтүстік- шығыс шекарасынан оңтүстік – батыс бағытқа бұрылып аудан шекарасының бойымен 1500 метр биіктікке дейін. 1500 метр биіктіктен солтүстік бағытта Жайлау және Қарағайлы шағынаудандары шекарасының қиылысына дейін, әрі қарай Қарғалы шағынауданының Кәрібай ақын және Амангелді көшелерінің қиылысына дейін. Амангелді көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта атауы бірдей Амангелді көшесімен қиылысына дейін, әрі қарай Амангелді көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік-шығыс бағытта № 45 үйге дейін. № 45 үйден бастап, Амангелді көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Мұстафин көшесіне дейін.

      № 515 Сайлау учаскесі

      (050027, Орталығы: "№ 186 жалпы орта білім беретін мектеп"коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Ақжар шағынауданы,Абай көшесі, 15 үй).

      Шекарасы: Жандосов көшесінен солтүстік бағытта Жабаев көшесінің шығыс жақ бетімен Қабанбай батыр көшесіне дейін. Жабаев көшесінен Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта Ноғайбаев көшесіне дейін. Ноғайбаев көшесінің шығыс жақ бетімен Улан көшесіне отіп солтүстік бағытта Жаңа Шаруа көшесіне дейін. Жаңа Шаруа көшесінің оңтүстік жақ бетінен, шығыс бағытта Жайлау көшесіне дейін. Жайлау көшесінің батыс жақ бетінен оңтүстік бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Ақсай көшесіне дейін. Ақсай көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Римская көшесіне дейін. Римская көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағыттағы Таусамалы шағынауданының Айболит көшесіне дейін. Айболит көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Жабаев көшесіне дейін.

      № 516 Сайлау учаскесі

      (050027, Орталығы: "№ 186 жалпы орта білім беретін мектеп"коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Ақжар шағынауданы,Абай көшесі, 15 үй).

      Шекарасы: Жандосов көшесінен солтүстік бағытта Жабаев көшесінің батыс жақ бетімен, Қабанбай батыр көшесіне дейін. Жабаев көшесінен Қабанбай батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Ноғайбаев көшесіне дейін. Ноғайбаев көшесінің батыс жақ бетімен Улан көшесіне өтіп солтүстік бағытта Жаңа Шаруа көшесіне дейін. Жаңа Шаруа көшесінің оңтүстік жақ бетімен батыс бағытта Тарасов көшесіне дейін. Тарасов көшесінің шығыс жақ бетімен оңтүстік бағытта №91 үйге дейін. Әрі қарай, 8-сызық көшесінен оңтүстік-шығыс бағытта Бекешев көшесінің шығыс жақ бетімен Жабаев көшесімен қиылысына дейін.

      № 538 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: "№157 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Қалқаман - 2 шағынауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 үй).

      Шекарасы: Наурыз шағынаудандары және Абай саяжайлары, Строительная көшесінен Карьерная көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік-батыс бағытта қала шекарасын айналып Райымбек даңғылына дейін ("Қазақстан қағазы" Акционерлік қоғамын қоспағанда). Райымбек даңылының оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Қарабұлақ көшесіне дейін. Қарабұлақ көшесі батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Кіші Райымбек көшесіне дейін. Кіші Райымбек көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Строительная көшесіне дейін. Строительная көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Карьерная көшесіне дейін.

      № 540 Сайлау учаскесі

      (050027, Орталығы: "№ 186 жалпы орта білім беретін мектеп"коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Ақжар шағынауданы,Абай көшесі, 15 үй).

      Шекарасы: Ақжар шағынаудандары, Карьерная көшесінен Бекешев көшесінің оңтүстік жақ бетімен Жаңа Шаруа көшесіне өтіп Тарасов көшесіне дейін. Тарасов көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Қабанбай батыр көшесіне дейін. Қабанбай батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Ақбұлақ көшесіне дейін. Ақбұлақ көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік - батыс бағытта Карьерная көшесінің қиылысына дейін, әрі қарай Карьерная көшесінің шығыс жақ бетінен Бекешев көшесіне дейін.

      № 542 Сайлау учаскесі

      (050067, Орталығы: "№ 187 жалпы орта білім беретін мектеп"коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Таусамалы шағынауданы,Жандосов көшесі, 2 үй).

      Шекарасы: Жандосов көшесінен, Айболит көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Римская көшесіне дейін. Римская көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Ақсай көшесіне дейін. Ақсай көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Тастыбұлақ өзеніне дейін. Тастыбұлақ өзенінің шығыс жақ бойымен, солтүстік бағытта Арман көшесіне дейін. Арман көшесінен, Тау Самалы коттедж қалашығының оңтүстік шекарасы бойымен, шығыс бағытта Әшімов көшесіне дейін. Әшімов көшесінің батыс жақ бетімен, оңтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Кеңесбаев көшесіне дейін. Кеңесбаев көшесінің оңтүстік жақ бетімен шығыс бағытта Таусамалы шағынауданының Гроза көшесіне дейін. Гроза көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Қарасай батыр көшесіне дейін. Қарасай батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Қажымұқан көшесіне дейін. Қажымұқан көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Жандосов көшесінің солтүстік жақ бетімен, батыс бағытта Айболит көшесіне дейін.

      № 543 Сайлау учаскесі

      (050069, Орталығы: "№192 жалпы орта білім беретін мектеп"коммуналдық

      мемлекеттік мекемесі, Қарағайлы шағынауданы,Қали Надыров көшесі, 50 үй).

      Шекарасы: Гроза көшесінен, Алатау көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Құрамыс шағынауданының Сәтпаев көшесіне дейін. Сәтпаев көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Кәрібай ақын көшесіне дейін. Кәрібай ақын көшесінің батыс жақ бетімен оңтүстік бағытта Амангелді көшесіне дейін. Амангелді көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Желтоқсан және Наурызбай батыр көшелерінен өтіп Қарағайлы шағынауданының Жандосов көшесіне дейін. Қарағайлы шағынауданының Жандосов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Таусамалы шағынауданының Қарасай батыр көшесіне дейін. Қарасай батыр көшесінің оңтүстік жақ бетімен, шығыс бағытта Гроза көшесіне дейін. Гроза көшесінің шығыс жақ бетімен, солтүстік бағытта Алатау көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады