Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 13/21 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 мамырда № 4177 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары бекітілсін.

      2. "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Солтүстік Қазақстан облысы қалалары мен елді мекендері аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 шілдегі № 36/3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3345 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың ХІІІ сессиясының
төрағасы
Ю. Белоног
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
В. Бубенко

  Солтүстік Қазақстан облыстық
маслихаттың 2017 жылғы
11 сәуірдегі № 13/21 шешімімен
бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 30.06.2023 № 4/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлігі), Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) және өзге де нормативтік құқықтық актілермен әзірленді.

      2. Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысындағы қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      1-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

      2) жалпы пайдаланымдағы жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпы пайдаланымдағы инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;

      3) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

      4) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      5) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      6) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      7) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      7-1) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;

      8) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      9) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2018 № 22/5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі); 24.06.2020 № 44/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      4. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.

      5. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақты абаттандыру саласындағы маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      5-1. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 24.06.2020 № 44/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:

      1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

      2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

      3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

      4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

      7. Облыстың қалалық және елді мекен аумақтарында жол берілмейді:

      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын алаңдар мен демалыс аймақтарын, көшелерін ластауға;

      2) субұрқақтарда шомылуға;

      3) адамдарға шомылуға арналған жерлерде жануарларды жууға және кір жууға;

      4) белгіленбеген орындарда жеке тұлғалардың кәсіпорындық әрекетін іске асырумен байланысы жоқ хабарландыруларды жапсыруға. Осы көрсетілген хабарландыруларды жеке иелік нысандарында тек жеке меншік рұқсатымен ғана орналастыруға болады. Насихаттаушы баспа материалдарын орналастыру Қазақстан Республикасы Конституциясының 1995 жылдың 28 қыркүйегінде шыққан "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заң талаптарына сәйкес орындалады.

      5) тұрғын орамдарда, ортақ пайдалану орындарында, су бөлетін мұнаралардың, су айдынында, көпшілік демалу орындарында, тұрғын үйлердің подъездері жанында көлік құралдарын жөндеуге және жууға;

      6) топырақты, қоқысты, себінді құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды брезент немесе басқа материалмен жабусыз көшіруге.

      8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын демалыс аймақтары қоғамдық дәретханалармен жабдықталады.

      9. Инженерлік коммуникациялардың иелері:

      1) коммуникацияларды күтіп-ұстауды, жөндеуді және құдықтар мен коллекторларды тазалауды жүзеге асырады;

      2) коммуникациялардың жұмыс атқаруына байланысты апаттардың салдарын жоюды қамтамасыз етеді, бұзылған жол жабындысын, жаяужолды, гүлзарды және абаттандырудың басқа элементтерін нысаналы мақсатқа сәйкес оларды әрі қарай пайдалану үшін жарамды қалыпқа келтіреді.

3. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

      10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2018 № 22/5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі) шешімімен.

      11. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.

      12. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды жасасқан шарттар негізінде коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.

      13. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.

      14. Уақытша көше сауда орындарын, сауда объектілеріне тиесілі аумақтарды (базар, сауда павильондары, тез тұрғызылатын сауда кешендері, палаткалар, киосктер және т.б.) периметрі бойынша 5 метр шекара ішінде жинау. Ыдыстарды гүлзарда, сауда палаткаларының, киосктердің және басқа сауда объектілердің шатырында қаттауға рұқсат етілмейді.

      15. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру Қағидаларына сәйкес орналастырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18562 болып тіркелді).

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 04.10.2019 № 37/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.

      17. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.

      18. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларда, жауын суын қабылдайтын құдықтарда және арық жүйесінде қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.

      19. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.

      20. Қысқы мезгілде жабындарды қардан, қызылсу мұзынан, сүңгілерден уақытылы тазарту ғимараттар, құрылым мен құрылыс иелерімен орындалады.

      21. Ғимарат жабындарын тазалау қатерлі үлескілерде алдын ала қоршау орнатқан кезде, тек тәуліктің жарық мезгілінде орындалады. Жабынның көшеге қарап тұрған жағындағы ылдиы бетіндегі қар, қызылсу мұзы аяқжолдарға, жабынның басқа ылдиларынан, сонымен қатар жайпақ жабындардан аула ішіндегі жерлерге түсіру орындалады. Ғимараттардан түсірілген қар мен қызылсу мұзы уақытылы шығарылуы тиіс.

      22. Қарды, мұзды, қоқысты су ағызатын құбыр шұңқырларына тастауға жол берілмейді.

      23. Жеке және заңды тұлғаларға, жеке тұрғын үйлер жеке меншіктерін қоса алғанда жеке меншігіне жерлерді тазалауды өздеріне өткізу ұсынылады.

      24. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару арнайы дайындалған алаңдарда жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген орындарға қарды шығаруға жол берілмейді.

      25. Қарды уақытша жинау орындары қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып және абаттандырылады.

4. Қалдықтарды жинау және шығару

      26. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.

      27. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген бекітілген кестеге сәйкес мерзімдерде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді.

      28. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.

      29. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17242 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 24.06.2020 № 44/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      30. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді.

      31. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, кәріз тартылмаған үй иелерінен сұйық қалдықтар ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.

      32. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін орындар дезинфекциялайтын ерітінділермен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындары тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

      33. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.

      34. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      35. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.

      36. Контейнерлер мен контейнерлік алаңдарды пайдаланушы және қызмет көрсетуші ұйым қатты тұрмыстық қалдықтар алаңынан 1,5 метр радиустағы контейнер алаңары мен оларға іргелес аумақтарды тиісті санитарлық дәрежеде күтір ұстауды қамтамасыз етеді:

      1) контейнерлік алаңдар мен оларға іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) контейнерлерге уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыздарды ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.

      37. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.

      38. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құтыдан орнатылады.

      39. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толуына қарай, бiрақ кемінде күніне бір рет тазартылады. Құтылар ластануына қарай, бірақ кемінде аптасына бір рет жуылады.

5. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру

      40. Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сай бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 24.06.2020 № 44/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      41. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарындағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда- Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 24.06.2020 № 44/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

6. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау

      42. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.

      43. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.

7. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау

      44. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.

      45. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.

      46. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.

      47. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері дереу жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

      48. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      49. Субұрқақтарды қосу мерзіміндерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.

      50. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де оларды тазалықта ұстайды.

8. Қағида бұзылғандығы үшін жауапкершілік

      51. Осы Қағидаларды бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдесінде шыққан "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.

      52. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қағидалармен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қолдану бұзушыларды келтірілген материалдық шығынның орнын толтырудан, жіберілген бұзушылықтарды жоюдан және осы қағидаларла көзделген талаптарды орындаудан босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады