Солтүстік Қазақстан облысыныңәкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 242 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 14/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 шілдеде № 4254 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 5) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Кейбір бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулылары мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімдеріне осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      әкімі Қ. Ақсақалов
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      ХІV сессиясының төрағасы Е. Алпысов
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың хатшысы В. Бубенко

  Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 242 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 14 маусымдағы № 14/5 шешімімен бекітілді

Өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулылары және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімдерінің тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 312-27/10 бірлескен қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1635 болып тіркелді):

      1) мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) аталған бірлескен облыс әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімінің преамбуласында орыс тіліндегі "им. Габита Мусрепова" деген сөздер "имени Габита Мусрепова" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) орыс тіліндегі барлық мәтін бойынша "аул" деген сөз "село" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Бірлескен "Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң атауын өзгерту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 159 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 5 маусымдағы № 7/9 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1679 болып тіркелді, "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде 2008 жылғы 16 шілде жарияланды):

      1) аталған мемлекеттік тілдегі бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағының үшінші абзацындағы "Қызыләскер с." деген сөздер "Қызыләскер ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) аталған мемлекеттік тілдегі бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағының сегізінші абзацындағы "Ғабит Мүсірепов ауданы" деген сөздер "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Бірлескен "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 170 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 19 маусымдағы № 16/15 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1718 болып тіркелді, "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде 2009 жылғы 7 тамыз жарияланды):

      мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Бірлескен "Солтүстiк Қазақстан облысының кейбiр елдi мекендерi мен ауылдық округтерi атауларының транскрипциясын өзгерту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 340 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 20/8 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1738 болып тіркелді, "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде 2010 жылғы 6 ақпан жарияланды):

      1) мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша "М.Жұмабаев" және "Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы" деген сөздер тиісінше "Мағжан Жұмабаев" және "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) орыс тіліндегі барлық мәтін бойынша "М.Жумабаева", "им. Г.Мусрепова" деген сөздер тиісінше "Магжана Жумабаева", "имени Габита Мусрепова" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Бірлескен "Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгертудің кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/10 шешімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 353а қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1770 болып тіркелді, "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде 2011 жылғы 25 қаңтар жарияланды):

      1) мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша "селолық", "селолары", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдары", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) орыс тіліндегі мәтінде "аул", "аульного", "аула", "им. Габита Мусрепова" деген сөздер тиісінше "село", "сельского", "села", "имени Габита Мусрепова" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады