Петропавл қаласының қалалық және қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалауға тарифтер туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 463 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 4137 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 1189 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.09.2023 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабы 2, 3, 5-тармақтарына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы аумағында қалалық қатынасты жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық бағыттар үшін бірынғай тариф 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Петропавл қаласының қала маңы хабарламасындағы жолаушыларды және багажды тасымалдау тарифі 10 шақырымға 75 теңге деп бекітілсін.

      3. "Петропавл қаласы аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 2367 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3012 тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Қызылжар Нұры" газетінде және "Проспект СК" газетінде жарияланған).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оны бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Тасмағанбетов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қалалық мәслихат
хатшысы
А. Бердағұлов
      2017 жылғы 06 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады