"Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы" Петропавл қалалық маслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 4228 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық маслихат ШЕШТІ:

      1. "Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтардың полигонындағы коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы" Петропавл қалалық маслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 3 шешіміне (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 18 тамызда № 2907 болып тіркелді, "Қызылжар Нұры" және "Проспект СК" газеттерінде 2014 жылғы 22 тамызда жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешім тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:

      "Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифін бекіту туралы";

      шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "1. Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі тоннасына 686 теңге көлемінде бекітілсін.";

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық
мәслихат сессиясының
төрағасы
Ю. Бацанов
      Петропавл қалалық
мәслихат хатшысы
А. Бердағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады