Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2018 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Петропавл қаласы аумағында тіркеу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 37 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 4444 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қантардағы № 28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына сәйкес, Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2018 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. "Петропавл қала әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімнің Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментынде мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімнің осы шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) оны ресми жариялағаннан кейін осы шешімді Петропавл қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қаласының әкімі М.Тасмағанбетов
      КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің "Солтүстік Қазақстан
облысы Петропавл қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
"11" ___12____ 2017 жыл
Ж. Жаманбалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады