"Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Айыртау аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 ақпандағы № 5-47-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 мамырдағы № 6-10-7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 мамырда № 4189 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 7-19-13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 20.07.2022 № 7-19-13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Айыртау аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 25 ақпандағы № 5-47-3 шешіміне (2016 жылғы 17 наурызында "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
маслихаттың
X сессиясының төрайымы
И.Бурковская
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
маслихаттың хатшысы
Б.Жанахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады