2018 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 21 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қарашада № 4386 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 10.01.2018 № 01 шешімімен (бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. 2018 жылғы қаңтар - наурыз аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, жынысы ер азаматтарын тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 10.01.2018 № 01 шешімімен (бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі В. Дудов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады