"Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 16/77 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 4206 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 7 қазандағы № 11/102 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 07.10.2021 № 11/102 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 39/238 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3073 тіркелді, 2015 жылғы 20 ақпанында "Есіл Таңы" және "Ишим" газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:

      2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Р.Закирин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
мәслихатының хатшысы
А. Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады