Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 07 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 4164 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 26.05.2017 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 5-тармағының 3) тармақшасына, 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудан әкімінің орынбасары Т.К. Есжанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 26 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Қызылжар ауданының
әкімі
Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады