Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 445 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 4417 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 3 бабының 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi айқындалсын.

      2. Қоса берiлген Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылжар ауданының әкімі Б. Жұмабеков
      КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
ішкі істер Департаменті Қызылжар
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
2017 жылғы 24 қараша
Х.Ф. Байқадамов

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 қарашадағы № 445 қаулысына қосымша

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi

      1. Қызылжар ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.

      2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 қарашадағы № 445 қаулысымен бекітілген

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 29.07.2019 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарастырады.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарастыруға "Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментiнің Қызылжар ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Қызылжар ауданының ПБ) енгiзедi.

      3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      4. Комиссия көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, белгiлейдi.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Қызылжар ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Қызылжар ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, "Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің 252 003 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

      8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Қызылжар ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақыны, құнды сыйлықты берудi Қызылжар ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады