2018 жылғы каңтар – наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыруды және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданды әкімінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 4403 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне 2018 жылғы қаңтар - наурыз аралығында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландыру ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3 . Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бегманов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
қорғаныс министрлігінің
"Солтүстіқ Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
С.Н. Кишман
2017 жылғы 21 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады