Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 109 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қараша № 4378 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 16.11.2021 № 101 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3)-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы
      мәслихатының XVІІ
      сессиясының төрағасы Д. Трофимов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданы
      мәслихатының хатшысы Қ. Шәріпов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 109 шешімімен бекітілген

Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қызмет атқаруға жергiлiктi атқарушы орган уәкілеттілік берген және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады